«Қамқор отбасыларға арналған мереке» қайырымдылық акциясы
Мақсаты: жетім балаларды қамқорлыққа алған адамдарды ынталандыру және мадақтау.
5 мамыр 2010ж
«Ешкім де ұмыт қалмайды, ештеңе де ұмытылмайды» қайырымдылық акциясы
Мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 65-жылдығымен құттықтау
13 сәуір 2010ж
«Қызылағаш балалары» қайырымдылық акциясы
Мақсаты: «Айналайын» балалар үй, «Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты» ММ, Жансүгір және Қапал ауылдарының КТМ уақытша орналастырылған Ақсу және Қаратал аудандарының су тасқынынан зардап шеккен балаларға гуманитарлық көмек көрсету
Алматы қаласының Бостандық ауданының мүгедектер қоғамы жүрек жылуы бар және де көмекке мұқтаж жандардың жағдайына алаңдаушылық танытатын барлық адамдарды кез келген қайырымдылық көмек көрсетуді сұрайды.
Бостандық ауданының Мүгедектер Қоғамы
Қоғамның төрағасы - Васильев Николай Георгиевич.
Алматы қаласының Бостандық ауданының мүгедектер қоғамы – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсететін ауданның ірі қоғамдық бірлестігі болып табылады. Мұндай мүгедек жандардың басым көпшілігін көмекке мұқтаж тірек-қимыл қызметі бұзылған және жалғыз басты мүгедектер құрайды.
Мүгедектер қоғамы өз Жарғысын іске асыру мақсатында кіші кәсіпкерлік субъектілері ретінде өз кәсіпорындарын құрды – «Надежда» ЖШС (компьютерлік техниканы жөндеу, картридждерді толтыру, бағдарламалар мен жергілікті желілерді орнату және т.б.), «ДЭМ» ЖШС (дәрілік шөптерді өлшеп орау, жуу заттарын салуға арналған қатты қағаздан жасалатын қорапшаларды дайындау, журналдар мен анықтамалықтарды басып шығару және т.б.). Мұнда мүгедектер белгілі бір кәсіпті үйреніп, жұмыспен қамтылады.
Қоғамның қандай мұқтаждықтары бар?
Алматы қаласының Бостандық ауданының мүгедектер қоғамы жүрек жылуы бар және де көмекке мұқтаж жандардың жағдайына алаңдаушылық танытатын барлық адамдарды кез келген қайырымдылық көмек көрсетуді сұрайды.
Егер Сіз қайырымдылық көмек көрсетуді ұйғарған болсаңыз, бізге ақпарат жолдауыңызға болады.
Жеке бас тазалығын сақтауға арналған заттар (тіс пастасы, шампунь, сабын)
5-ші өлшемді жаялықшалар (әмбебап өлшем)
«Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат-үйі» ММ
Бүгінгі таңда ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат-үйде 4-18 жас аралығындағы 160 тәрбиеленуші тұрып жатыр.
Бұл интернат-үйде науқастану дәрежесі жеңіл және өте ауыр жағдайдағы балалар бар.
Бұл барлық қарапайым балалар сияқты махаббат пен қамқорлыққа мұқтаж, бірақ оған қол жеткізе алмай отырған балалар. Олар би билеу, сурет салу, саздан мүсін жасауды ұнатады...
Интернат-үйінде өте тәжірибелі тәрбиелеушілер жұмыс істейді. Балаларға білім беріп қана қоймай, ана ретінде әрбір ұстаз өз жүрегіндегі жылуды таратып, балаларға олардың жалғыздықтарын сездірмеуге бар күштерін салады...
Оларға қандай көмек қажет?
Шешімін таппай отырған бірқатар мәселелер бар.
Жуғыш заттардың тапшылығы (жуу ұнтағы мен сабын)
Жеке бас тазалығын сақтауға арналған заттар (тіс пастасы, шампунь, сабын)
5-ші өлшемді жаялықшалар (әмбебап өлшем)
Егер Сіз қайырымдылық көмек көрсетуді ұйғарған болсаңыз, бізге ақпарат жолдауыңызға болады.
№2 балалар үйі өздігінен шешу мүмкін емес көптеген қиыншылықтарға тап болып отыр.
Балалар үйіне:
• Факсимильдік құрылғы қажет
№ 2 Балалар үйі ММ Алматы қаласы
№ 2 балалар үйінде 8-ден 18 дейінгі жас аралығындағы 110 жетім бала тұрып жатыр.
Ортақ Үй, ортақ тәрбиелеушілер, күнделікті көретін достар, бәріне бірдей берілетін түстік, бір сарынмен тойланатын Туған күндер сияқты барлық балалар үшін ортақ жағдайлардың барына қарамастан, әрбір бала – қайталанбас тұлға, оның өз ойында үлкенді-кішілі құпия әлем бар...
Балалар үйінің қызметкерлері бұл балалар үшін әдеттегі үйдегідей барынша ыңғайлы жағдай жасап, олардың бойында жақсылыққа деген ұмтылыс сезімін тәрбиелеп, айналадағы адамдардың махаббаты мен қамқорлығын бағалай білуді үйретеді.
Оларға қандай көмек қажет?
№2 балалар үйі өздігінен шешу мүмкін емес көптеген қиыншылықтарға тап болып отыр.
Балалар үйіне:
Факсимильдік құрылғы қажет
Егер Сіз қайырымдылық көмек көрсетуді ұйғарған болсаңыз, бізге ақпарат жолдауыңызға болады.
Дамуындағы ойлау қабілеті нашар балаларға арналған № 7 арнайы мектеп-интернат
Бұл білім беру мекемесі түзету бағыты бар білім беру мен тәрбиелеу ісін жүзеге асырып, оқушылардың жан-жақты дамуы мен білім деңгейлерін шыңдауға барынша жағдай жасауға тырысады.
Мұндай балалармен жақын қарым-қатынас орнату барысында олардың әдеттегі балалар сияқты ойнап-күліп, жылайтындарына көз жеткізесің. Ал қоғамның мақсаты – мұндай балаларға қолдау көрсету, дамыту, олардың өздерін кемтар сезінбей, дендері сау және бақытты болып өсуіне жағдай жасау болып табылады.
Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернаттың әрбір тәрбиеленушісінің өз арманы бар... Мұндай балалардың көздеген армандарына қол жеткізуі әлдеқайда қиын дейді оқытушылар. Дегенмен де, олардың бойындағы қажымас қайрат пен дарынға таң қалмау мүмкін емес.
Оларға қандай көмек қажет?
Жастар үйі – әлеуметтік мекемелерді бейімдеу орталығы
Жастар үйі 2005 жылы Республикалық қалпына келтіруі орталығының аумағында құрылды. Қазіргі уақытта онда 16-29 жас аралығындағы балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың 241 түлегі тұрып жатыр.
В чем нуждаются?
Copyright 2009 (C) Spring of Love. All rights reserved