Біз жайында
"Махаббат бұлағы" қоғамдық қоры 2003 жылы бейсаяси, саудалық емес ұйым ретінде құрылған болатын. Қор қайырымдылық жасаушылар, қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлердің қайырымдылық шараларын жүргізуіне қолайлы жағдай жасау, Қазақстан Республикасында қайырымдылық дәстүрі мен мәдениетін қалыптастыру мақсатында құрылған. Біз адамдарға көрсетілген көмекті өз есебімізден жүргіземіз, сондай-ақ демеушілік көмекті тартумен айналысамыз. «Махаббат бұлағы» қоғамдық қоры көмекке зәру адамдарға қол ұшын созған жекелеген азаматтар, сауда фирмалары, ұйымдар мен кәсіпорындардың жанашырлық жәрдемі, ерікті жарна мен сыйлардың есебінен қалыптасады. Жетім балалар, мүгедек балалар, балалар үйі мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан балалар ересек адамдардың көмегі мен махаббатына зәру екенін ұмытпаңыздар. Біздің болашағымыз – олардың қандай азамат болып өсіп шығатындарына байланысты. Дені сау және бақытты балалар - өмірдің жалғасы, қоғамның гүлденуі мен дамуының негізі. Біз мектепке дейінгі және балаларға арналған мекемелер, мектептер, балалар үйі, мектеп-интернаттар, ардагерлер мен мүгедектерге көмектесеміз, және де біздің қатарымызға жүрек жылуы бар адамдардың көптеп қосылғанын қалаймыз.
Қордың мақсаттары мен міндеттері
- Жетім балалар, балалар үйі мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілеріне көмек көрсету..
- Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жәрдемдесу.
- Қордың қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру мақсатында қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды ерікті қайырымдылық көмек көрсетуге тарту іс-шараларын ұйымдастыру.
- Қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін жағымды әлеуметтік-ақпараттық жағдайды қалыптастыру.
- Қайырымдылық көмек көрсетумен айналысатын іскер құрылымдардың бедел-бейнесін жақсарту.
- Балалар үйлерін, мектеп-интернаттар мен мүгедек балаларға қолдау көрсетуге бағытталған қалалық және республикалық бағдарламаларға қатысу.
- Қайырымдылық жасауға қаражаттары бар, бірақ уақыттары жетіспейтін компанияларға қайырымдылық акциясын ұйымдастыру мен өткізу ісінде көмектесу.
|
|
|