Content on this page requires a newer version of Adobe Flash Player.

Get Adobe Flash player

   

Новости и мероприятия

 

31 қазан 2010ж

«Қамқор отбасыларға арналған мереке» қайырымдылық акциясы


Мақсаты: жетім балаларды қамқорлыққа алған адамдарды ынталандыру және мадақтау.

5 мамыр 2010ж

«Ешкім де ұмыт қалмайды, ештеңе де ұмытылмайды» қайырымдылық акциясы


Мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 65-жылдығымен құттықтау

13 сәуір 2010ж

«Қызылағаш балалары» қайырымдылық акциясы


Мақсаты: «Айналайын» балалар үй, «Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты» ММ, Жансүгір және Қапал ауылдарының КТМ уақытша орналастырылған Ақсу және Қаратал аудандарының су тасқынынан зардап шеккен балаларға гуманитарлық көмек көрсету
more..
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Демеушілер и Серіктестер

Content on this page requires a newer version of Adobe Flash Player.

Get Adobe Flash player

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА:
  • ПОМОГАЯ ДРУГИМ – Я ПОМОГАЮ СЕБЕ (Информация о ДБФ «Эльдани»)

  • Фотоальбом ДБФ (Эльдани)

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА:


ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ТЕГІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
 

ЖОБАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:


«ЭЛЬДАНИ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ ҚҚ
«РУХ» ЖАСТАР ОДАҒЫ ҚБ

ЖОБАНЫҢ ДИЗАЙНЫ:


«INDIGO» ДИЗАЙН СТУДИЯСЫ
 

ЖОБАНЫҢ БАС ДЕМЕУШІЛЕРІ :

  • ГЕЙТУЭЙС ВЕНЧЕРС (СА) ЛТД
  • «МАХАББАТ БҰЛАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:

:
  • • Тегін әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету:
    • мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жастарға
    • зейнеткерлерге
    • қиын жағдайға тап болған адамдарға
  • Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың мәселелеріне шешу ісіне қоғамның назарын аудару
  • Зейнеткерлер, мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жастар, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету мақсатында іскер орта, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың күшін біріктіру
  • Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың өмірлік қажеттіліктеріне деген қоғамның көзқарасын өзгерту
 

ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ СЦЕНАРИЙІ:


Алматы қаласының барлық аудандарында «Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға тегін психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету орталықтарын» ашу
 

ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

  • • Әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі мобильдік топ
  • • Өзара көмек көрсету жөніндегі мобильдік топ
  • • Психологтың кеңес беру бөлмесі
  • • Заңгердің кеңес беру бөлмесі
  • • Жүйке жүйесі ауруларын емдейтін дәрігердің кеңес беру бөлмесі
  • • Әуендік терапия бөлмесі
  • • Психологиялық жеңілдену және әлеуметтік бейімделу бөлмесі
  • • Дәрігерге дейінгі және алдын алу-көмек көрсету бөлмесі

МӘСЕЛЕНІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ:


Бүгінгі таңда зейнеткерлер, дамуында кемшіліктері бар балалар мен жастар ҚР Заңдары және ҚР Президентінің бұйрықтарымен анықталатын барлық маңызды оқиғалар мен шешімдерден тыс қалып жатқан халықтың тобын құрап отыр. Дене мүмкіндіктерінің шектеулі болуы мен әлеуметтік дербестіктің жоқтығы, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, жас мөлшері мен материалдық жағдайына байланысты қоғамның мұндай мүшелері көмек сұраушылар мен масыл болуға мәжбүр.
Көп жағдайда, халықтың мұндай бөлігін құрайтын адамдарға «қалдық қағидасы» бойынша қызмет пен көмек көрсетіледі, яғни, қоғам өзінің басқа мүшелері барлық игіліктердің дәмін татып болғанда ғана, мұндай мұқтаж жандар туралы ойлай бастайды.
Қоғамдағы орны мен материалдық жағдайына байланысты әлеуметтік қорғалмаған топтар сапалы психологиялық және әлеуметтік көмекке үміттене алмайды. Олар үшін кәсіби психолог маман, заңгер мен дәрігердің кеңесі мүлдем қолжетімсіз болып отыр. Қоғам халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының осындай ауыр жағдайына назар аудармай, үлкен кешірімсіз қателік жасайды.
Бұл адамдар басқа планета, өзге мемлекет немесе басқа қалада тұрмайды. Осы топ мүшелерінің бүгінгі наразылығы мен бақытсыздығы қоғамның әрбір мүшесін тығырыққа тіреп, ауыр әлеуметтік және психологиялық жағдайға алып келуі мүмкін.
Ұсынылып отырған жоба әлеуметтік қорғалмаған топтардың қалыптасқан көзқарасын, олардың өмірлеріндегі қиын мәселелер мен өздеріне деген көзқарасты өзгертіп, көмек сұраушылар ролінен бас тартуға мүмкіндік беруге бағытталған.
«Әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету орталықтары» адамдарға өз өмірлеріндегі шешілмей жатқан мәселелерді шағым түсіру мен арыз жазу арқылы емес, тығырықтан шығудың жолдарын өздіктерінен тауып шығуға мүмкіндік алады.
Бұл «орталықтар» тұрақты психологиялық қалжырау, кәсіби «жоғалу», ауыр мәселелерге бой беріп, қоршаған адамдарды кінәлау сезімдерінен арылуға жол ашады. Сондай-ақ, орталықтар адамдарға өз бойларындағы ішкі үндестікті тауып, күш жинап, ішкі мүмкіндіктерді жұмылдыруға көмектесуге арналған. «Орталықтың» ұсынылып отырған құрылымы әлеуметтік қорғалмаған топ мүшелерінің ауыр жағдайда жалғыз қалмай, кәсіби көмектің арқасында тығырықтан шығуына мүмкіндік береді.
Кей уақытта, қалыптасқан ауыр мәселенің өзі емес, адамның бойын жаулап алған психологиялық қорқыныш пен жалғыздық сезімі қиындық тудырады.

ЖОБАНЫҢ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ:

  • Жобаның әлеуметтік маңыздылығы
  • Ұзақ мерзімділігі
  • Нәтижелілігі
  • Ашықтығы
  • Жоба мақсаттық топтың қажеттіліктері мен қиыншылықтарына сәйкес келеді
  • Ұсынылып отырған іс-шаралар ақылға қонымды және жүзеге асырылуы мүмкін, сондай-ақ мақсаттар мен көзделген нәтижелерге толық сәйкес келеді
  • Жобаның қол жеткізілетін нәтижелері мақсаттық топ үшін тұрақты сипатқа ие болмақ
  • Жобада нәтижелерді бағалауды объективті тексеру көрсеткіштері бар
  • Жобаның ықтимал мультипликативті әсері бар

ЖАРНАМАЛЫҚ ҰСЫНЫС:

  • «Психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету орталықтарының» аумақтарында демеуші туралы ақпаратты орналастыру
  • Жобаның аясында жүргізілетін барлық іс-шараларда демеушінің ақпараттық өнімдерін орналастыру
  • Демеушінің ақпараттық өнімдерін орналастыру
    • жарнамалық беттер
    • буклеттер
    • стендтер
    • баннерлер
    • сайттың беттеріндегі ақпарат
  • Тұрғындардың арасында демеушінің ақпараттық өнімдері мен буклеттерін тарату
  • БАҚ құралдары арқылы таныту
Жалпы ауданы – 112.2 ш.м.

Жалпы құны
5 691 435 теңге

  • Бөлшектеу/демонтаж - 333867 теңге
  • Жөндеу жұмыстары -2012986 теңге
  • Құрылыс материалдары – 1221582 теңге
  • ұрал-жабдықтар - 2123000 теңге
  • • Дәрігерге дейінгі және алдын алу-көмек көрсету бөлмесі (дәрігер бөлмесі)
    • Құны
      - жалпы - 274712
      - материалдар - 93226 теңге
      - жұмыстар - 181486 теңге
  • • Әлеуметтік қолдау мен өзара көмек көрсету бөлмесі (қарым-қатынас орнату бөлмесі)
    • Құны
      - жалпы - 369121
      - материалдар - 114911 теңге
      - жұмыстары - 254210 теңге
  •  Әуендік терапия бөлмесі (дағыра тарту бөлмесі)
    • Құны
      - жалпы - 528706
      - материалдар - 202959 теңге
      - жұмыстар - 325747 теңге
  • • Психологиялық жеңілдену және әлеуметтік бейімделу бөлмесі (дефектолог пен психолог маманның бөлмесі)
    • Құны
      - жалпы - 928189
      - материалдар - 342117 теңге
      - жұмыстар - 586072 теңге
  • Дәліз
    • жалпы - 297916
    • материалдар – 102533
    • жұмыстар – 195383
  • Жуынатын бөлме мен әжетхана
    • жалпы - 180453
    • материалдар – 83227
    • жұмыстар – 97226
  • Тамбур (төбесі күмбезделіп жабылған үйдің бір бөлігі)
    • жалпы - 88534
    • материалдар – 55760
    • жұмыстар – 32774
  • Ғимараттың маңындағы аумақты көркейту
Copyright 2009 (C) Spring of Love. All rights reserved