«Махаббат бұлағы» қоғамдық қоры Өмірге арналған. Бұл балалық шағы, армандары мен болашағы, күші мен пайдасы бар Өмір.
Біздің Қор - бұл көмекке зәру адамдар – ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар; балалар үйі мен жетім сәбилер тәрбиеленетін баспаналарда тұратын науқас балалар; мүгедектер мен соғыс ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында күш біріктіруге бағытталған бастама. Біздің бойымызда өзгелерге көмек көрсетуге деген үлкен құлшыныс пен күш-қуат бар. Мұқтаж жандарға балалық шақтың қуанышын, махаббат пен қамқорлық сыйлауды көздейміз.
Мы хотим подарить детство, любовь и заботу.
Қордың басты мақсаты – көмекке зәру жекелеген әлеуметтік мекемелер мен қайырымдылық жасаушы адамдардың арасындағы делдалдық ісін жүзеге асыру болып табылады.
Қордың миссиясы:
- Әлеуметтік салаға қоғамның назарын аудару;
- Қайрымдылық ісін дамыту; мейірімділікті тәрбиелеу;
- Әлеуметтік инвестициялар мен қайырымдылық көмекті дамыту.
«Махаббат бұлағы» қоғамдық қорының миссиясы қор жұмысының аясында жүзеге асырылған әрбір акция мен жобаның түрлі науқасқа шалдыққан балаларға шынайы көмек көрсетуі, сондай-ақ қарапайым халықтың балалар үйлері мен мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалардың өміріндегі шешімін таппай жатқан мәселелердің барынан хабардар болуын қамтамасыз етуге негізделген.
«Махаббат бұлағы» қоры барынша тиімді нәтижеге қол жеткізу мақсатында қайырымдылық жәрдемнің орынды таратылуын қамтамасыз етеді.
«Махаббат бұлағы» қоғамдық қорына келіп түсетін барлық қайырымдылық жәрдем мақсатты болып табылады, яғни, жиналған қаражаттың әрбір тиыны нақты қайырымдылық жобаларды іске асыруға жұмсалады.
Қордың міндеті – мұқтаж жандарға көмек көрсету ісін ұйымдастыру мақсатында іскер және саяси ортаны, беделді тұлғалар мен қарапайым азаматтардың мүмкіндіктері мен күш-қуатын пайдалану болып табылады.
Сонымен қатар, біздің қор мұқтаж жандарға көмектесуге дайын, бірақ оны жүзеге асыруға уақыттары жетіспейтін компанияларға көмек көрсетеді. Қордың жұмысшылары қайырымдылық акцияларының бірнеше бағыттарын құрып, оларды демеушілердің қарауына ұсынады. Қайырымдылық жәрдемнің барлығы тек мұқтаж жандарға көмек көрсету ісіне бағытталып, өз иесін табатынына сенімді болыңыз. Акцияны өткізу жұмыстары аяқталған соң, қаражаттың жұмсалуы туралы демеушілерге толық есеп беріледі.
«Махаббат бұлағы» қоғамдық қорының өз жұмысын жүргізіп келе жатқанына 7 жыл толды. Жүрегі кең мейірімді адамдардың көмегі күн сайын арта түседі деген үміттеміз. Іске асырылуы әбден мүмкін көптеген жоспарларымыз бен жаңа ойларымыз бар.
|
|
|