Алматы облысының балалар құқығын қорғау Департаменті. Шешуші басымдықтары: жергілікті деңгейдегі ведомствоаралық ынтымақтастыққа жетекшілік ету, Қазақстан Республикасының Заңы мен бала құқықтары жөніндегі Конвенцияға сәйкес балалардың құқықтарын іске асыруға бағытталған іс-шаралар кешенінің жүргізілуін қадағалау; «әлеуметтік» жетімдік, балаларға зорлық-зомбылық көрсету және балаларды жұмыс күші ретінде пайдаланудың алдын алу және болдырмау; ауыр жағдайда қалған балаларға көмек көрсету, балалардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жағдай жасау болып табылады. |