«Қамқор отбасыларға арналған мереке» қайырымдылық акциясы
Мақсаты: жетім балаларды қамқорлыққа алған адамдарды ынталандыру және мадақтау.
5 мамыр 2010ж
«Ешкім де ұмыт қалмайды, ештеңе де ұмытылмайды» қайырымдылық акциясы
Мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 65-жылдығымен құттықтау
13 сәуір 2010ж
«Қызылағаш балалары» қайырымдылық акциясы
Мақсаты: «Айналайын» балалар үй, «Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты» ММ, Жансүгір және Қапал ауылдарының КТМ уақытша орналастырылған Ақсу және Қаратал аудандарының су тасқынынан зардап шеккен балаларға гуманитарлық көмек көрсету
Content on this page requires a newer version of Adobe Flash Player.
Волонтерлер клубы
Волонтёр деп бос уақытында өз еркімен жұмыс істейтін адамдарды атайды. Волонтерлік ұйымдар көптеген мемлекеттерде бар, мұндай мекемелерде олар көмекке зәру адамдар – балалар мен қарттар, үй-жайсыз жануарлар, ормандар мен өзендерге түрлі жәрдемдесумен айналысады. Волонтерлік бүкіл әлемде үлкен құрметке ие игілікті іс саналады.
Біздің іс-шараларымызға волонтерлердің қатысуы - әркез Қор жұмысының негізгі тірегі болатын. Олардың қатысуынсыз жүректеріне үміт ұялаған мыңдаған адамдарға көмек көрсете алмас едік. Волонтерлер – ең алдымен, біздің іс-әрекетіміздің негізі мен тірегі, әрбір жеке көмектегі біздің сезім мүшелерімізге айналған адамдар. Олар тұрақты түрде балалар үйлері мен мектеп-интернаттардағы балалармен кездесіп, жалғыз басты зейнеткерлер мен соғыс ардагерлерінің жағдайын бақылап тұрады. «Махаббат бұлағы» қоғамдық қоры өз жұмысын бастаған уақыттан бері жасы, әлеуметтік жағдайы, мамандығы мен қызығушылықтары әртүрлі адамдар волонтерлік қызметті атқарып келеді. Қордың қайырымдылық бағдарламаларына «Gateway Ventures CA Ltd» ЖШС, «Apple City LLC» ЖШС мен өзге ұйымдардың өкілдері ат салысып келеді. Міне, осындай адамдардың арқасында, әрбір адамға жеке көмек көрсету мүмкіндігі туып отыр.
Бұған толықтай бір күніңізді жұмсау міндетті емес. Аптасына 2 сағат уақытыңызды мүгедек немес жетім баланың қасында болуға қисаңыз – мұның өзі айтуға тұрарлық еңбек.
Сіздің көмегіңіз:
Сыйлықты жеткізуден бастап (сыйлықты орап, оны балалар үйіндегі баланың туған күніне жеткізу), оны жай ғана сыйлай салу емес, баланы шын жүрегіңізден құттықтап, оған аз да болса уақытыңыз бен жүрегіңіздегі жылудың бір бөлігін беріп жеке қарым-қатынас орнату.
Балалар үйі мен мектеп-интернаттардың тәрбиленушілеріне жалпы білім беретін пәндерден бастап қосымша дағдыға (шығармашылықты дамытатын пәндер, қолданбалы өнер, спорт және т.б.) дейін үйрету ісінде көмек көрсету.
Бағдарламаның аясымен шектелмей, өзіңізге жақын пәнді таңдап немес барлық іс-шараларға бірдей қатысуыңызға болады. Осылайша сіздің көмегіңіз мыналарға саяды, бірақ ешқашан шектелмейді: балалармен жеке қарым-қатынас орнату, фото және бейнетүсірілім, еріп жүру, жеткізу және біздің бағдарламаларымызға қатысты кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңыз.
Волонтерлердің қатарына қосылып, мамандардан тәлім алып (оқытушылар, психологтар, әлеуметтік қызмет мамандары), іс-тәжірибеден өтіп, өзге волонтерлердің арасынан жаңа достар табасыз!
Волонтер болғым келеді!
Сізді өзіміздің волонтерлердің қорына қосып, түрлі акциялар мен іс-шараларға қатысуға шақыра аламыз. Ол үшін